Фото: Қазақстан жаңалықтары ААҚарағандыда сот жемқорлық үшін сотталған Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевтің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Б.Әбдішевтің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қанағаттандырылсын», - деген сот қаулысын Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық сотының судьясы Жұмағұл Шуженов жариялады.
Сонымен қатар, сот 1 жыл 4 ай 4 күнді құрайтын жазасы өтелмеген мерзімде пробациялық бақылауды бекітті. Қаулы заңды күшіне енбеді, сондықтан ол жарияланғаннан 15 тәулік өткенге дейін оған шағымдануға болады.
Прокуратура мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға қарсылық білдірмеді.
«Құрметті сот, Б.Әбдішевтің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін жан-жақты және объективті түрде қарадыңыздар. Оның өтінішін қанағаттандырып, жазасын өтемеген мерзімге пробациялық бақылау орнату мүмкін деп ойлаймын», - деді сот отырысында Қарағанды облыстық прокуратура басқармасының басшысы Қайрат Рымбеков.
Сотталған Б.Әбдішев бүгінде 1 жыл 7 ай 26 күн жазасын, яғни жартысын өтеді.
АК-159/1 мекемесі өкілінің айтуынша, Б.Әбдішев жазасын өтеген кезде ғимараттар мен құрылымдарды жөндеу бойынша шаруашылық қызмет көрсету жасағында жұмыс істеген.
Сотталғанның ереже бұзбағаны, керісінше, концерттік бағдарламаларды және мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастырғаны үшін мадақталғаны, сонымен қатар, сотталғандар арасындағы спорттық шараларға белсенді қатысқаны және жүлделі орынға ие болғаны үшін грамота алғаны хабарланды.
Дереккөз:Іnform.kz