Атырау, 29 қараша 08:47
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Зәуреш Батталова жер комиссиясына шарт қойды

2 489 просмотра

Фото: Azattyq.orgҮкімет жанынан құрылған жер реформасы бойынша комиссияға енген оппозициялық саясаткер Зәуреш Батталова (суретте) «комиссия құрамы қайта жасақталып, жұмыс істеу тәртібі өзгермейінше» оның жұмысына қатысудан бас тартты,- деп хабарлады Азаттық.

«Қазіргі кездегі комиссияның жұмыс істеу тәртібіне көңілім толмайды. Ондағы жеті-сегіз адамнан басқа комиссия мүшелерінің пікірлері бір-бірінен айнымайды. Премьердің орынбасарына есеп бергендей өздерінің жұмыстары жайлы айта береді. Комиссия құрамының жасақталуы, оның регламент процедурасы, дауыс беру рәсімі, дауыс беру арқылы көпшілікпен дауыс қабылданатындай жағдайы көңілден шықпайды» деді Зәуреш Батталова Азаттық тілшісіне.

Оның пікірінше, комиссияға белсенділер, әр аймақтан адамдарды кіргізу керек, ал шешім дауыс беру арқылы емес, консенсусқа келу арқылы қабылдануы тиіс. Зәуреш Батталова қандай да бір өзгеріс болмаса, комиссияның келісі отырысына қатыспайтынын айтады.

Қазақстанда жер мәселесі ушығып кеткен соң үкімет жанынан жер комиссиясы құрылған. Оның алғашқы отырысы 14 мамыр күні Астанада өткен. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев төрағалық ететін бұл комиссияға парламент депутаттары, үкімет мүшелері, саяси партиялар мен агробизнес, салалық қауымдастықтар өкілдері, ғалымдар мен қоғам белсенділері кірген.

Дереккөз: Аzattyq.org

16 мамыр 2016, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған