Атырау, 29 қараша 07:46
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Заңгер «Eуразия» арнасының үстінен сотқа шағым түсірді

1 817 просмотра

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына қазақстандықтарды отанын сатты деп айыптаған «Еуразия» арнасының ожайыны «Еуразия+ОРТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үстінен шағым түсті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Шағымды аудандық сотқа заңгер Нұрхан Жұмабеков тапсырған. Шағымданушы арнаны жауапқа тартып, өзіне моральдық шығын ретінде телеарна басшылығынан жүз мың теңге өндіріп беруді сұраған.

Естеріңізге салсақ, телеарна журналистері 24 сәуір күні Атырауда, 27 сәуірде Семей мен Ақтөбе қалаларында, ал, 1 мамырда Қызылордада жер саудасына наразылық білдіріп митингке шыққан халықты шетелдік топтардан 50-150 АҚШ доллары көлемінде қаржы алды деп айыптаған болатын. Телеарна ұжымы бұған дәлел ретінде белгісіз азаматтардың ақша таратып жүрген видеосын да көрсетті.

Дереккөз: Qamshy.kz

16 мамыр 2016, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған