16 мамырдағы KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 327,99-ға тең, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап.
Таңғы сессиядағы алғашқы келісім 327,5 теңге көрсеткішімен аяқталды. Саудадағы ең төменгі баға да осы болды, жоғарысы 328,2 теңгеге жетті. Сессия барысында сауда көлемі 92,95 миллион доллардан асты.
Айта кетейік, ICE биржасының мәліметінше, Астана уақыты бойынша сағат 10.44-те Brent маркалы мұнайдың баррель құны 48,45 доллар болды.
Дереккөз: Тengrinews.kz