Атырау, 29 қараша 07:54
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Алматыда бір жасар қызын сатпақ болған әйел ұсталды

2 436 просмотра

Сурет Алматы қ. ІІБ баспасөз қызметінен алындыАлматы қаласының тұрғыны өзінің 1 жасар қызын бөтен әйелге 50 мың теңгеге сатып, кейіннен 670 мың теңгеге сатуға ұсыныс алғаннан кейін басқа адамдарға сатпақшы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздың анасы Жамбыл облысы Меркі ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Қызын сатып алатын адамды ол Алматыда екі аптадай іздеген. Сатып алушыны іздестіруге әйел өзінің 51 жастағы танысын араластырған. Екеуін де баланы сатып алушыларға беріп, ақшаларын алып жатқан уақытта ұсталған. "Тінту барысында 670 мың теңге табылды. 200 мың теңге қыздың биологиялық анасына, ал қалған 470 мың теңгені делдал өзіне қалдырмақшы болған", - деп хабарлайды Алматы қаласының ІІД ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасындағылар.

Полицейлер қызды сату туралы екінші рет жасалған келісім екенін түсіндірді. Осыған дейін 25 жастағы күдікті қызын бөтен әйелге 50 мың теңгеге сатқан. Бірақ одан да табысты ұсынысқа байланысты ол қызын қайта алып кеткен. "Кәмелеткен толмаған баланы сату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған әйелдер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да жайттары алдағы өндіріс кезінде анықталады", - деді ҰҚКБ қызметкерлері.

Дереккөз: Тengrinews.kz

13 мамыр 2016, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.