Атырау, 29 қараша 07:40
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жер реформасы жөніндегі Комиссияның құрамына кіргендердің толық тізімі

2 359 просмотра

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Жер реформасы жөніндегі Комиссияны құру туралы" бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми сайты.

Бұл Комиссияның Мемлекет басшысының ҚР Жер кодексіндегі нормаларды талқылау және түсіндіру үшін және ұсыныстарды қарау үшін құрылғаны айтылады.

Сонымен, Жер реформасы жөніндегі Комиссияның құрамы:

Бақытжан Сағынтаев - Қазақстан Республикасының премьер-министрінің бірінші орынбасары

Мұхтар Құл-Мұхамед - "Нұр Отан" партиясының төрағасының бірінші орынбасары

Жақсылық Үшкемпіров - "Жақсылық" шаруа қожалығының басшысы, қоғам қайраткері, төраға орынбасары

Дәурен Абаев - ҚР ақпарат және коммуникация министрі

Қайнар Абасов - "Хлопковая компания" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

Берік Әбдіғали - саясаттанушы

Мақсат Әбдікәрімов - "Ассоциация садоводов" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы

Мұрат Әбенов - қоғам қайраткері

Қуаныш Айтаханов - ҚР Парламент Сенатының депутаты

Жанұзақ Әкім - Халықаралық адам институтының президенті

Нұржан Әлтаев - "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасының орныбасары

Жанарбек Әшімжанов - Қазақстанның жазушылар одағы басқармасының төрағасының орынбасары

Қатауолла Ашығалиев - "Агрофирма "Ақас" ЖШС директоры

Дәурен Бабамұратов - "Болашақ" жастар қозғалысының жетекшісі

Зәуреш Баймолдина - ҚР әділет министрінің орынбасары

Сайын Бақтыбаев - "Қазақ мақта ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы

Зәуреш Батталова - "Қазақстандағы парламентаризм дамуы" қоғамдық қорының президенті

Марат Башимов - Еуропалық құқық және адам құқығы институтының директоры

Әли Бектаев - "Ауыл" халықтың патриоттық партиясының төрағасы, ҚР Парламент Сенатының депутаты

Қайрат Бисетаев - Қазақстанның Картоп өсірушілер және көкөніс өсірушілер одағының төрағасы

Қуандық Бишімбаев - ҚР ұлттық экономика министрі

Макс Боқаев - "Арлан" үкіметтік емес ұйымының төрағасы

Сайран Бұқанов - "Каркен" ЖШС директоры

Евгений Ган - Қазақстан астық өндірушілері мен нан пісірушілері одағының президенті

Әуезхан Дарынов - "Қазақстанның фермерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті

Темірхан Досмұхамбетов - "Байсерке-Агро" агроөнеркәсіп холдингінің жетекшісі

Дүйсебаев Жексенбай - Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты

Нұрлан Ерімбетов - "Қазақстанның азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті

Жүрсін Ерманов - ақын, журналист

Ибрагим Жангуразов - "Ижевский" өндірістік кооперативінің жетекшісі, "Қазақстанның құс өсірушілер одағы" заңды тұлғалар бірлестігі

Ораз Жандосов - "Ракурс" экономикалық сараптама орталығы" қоғамдық қорының директоры

Тасқын Жапарқұл - "Ернар" шаруа қожалығының жетекшісі

Бибігүл Жексенбай - бас редакторлар клубының жетекшісі

Мырзатай Жолдасбеков - қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы

Самұрат Имандосов - "РЗА" акционерлік қоғамының президенті

Нартай Ысқақов - "Нарол" ЖШС директоры, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты

Ғани Қалиев - "Ұлттық аграрлық ғылыми білім орталығы" республикалық коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорлар кеңесі төрағасы

Асылбек Қожахметов - "Almaty Management University" білім беру мекемесінің президенті

Владислав Косарев - Қазақстан Коммунистік халық партиясы Орталық комитетінің құрметті Хатшысы

Андрей Кравченко - Қазақстанның Бас прокурорының орынбасары

Нұрлыбек Қуанбаев - "Желтоқсан" халықтық-патриоттық қозғалысының жетекшісі

Мереке Құлкенов - қоғам қайраткері, Қазақстанның жазушылар одағының мүшесі

Ақылбек Күрішбаев - "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамының ректоры

Досмұханбет Күшімов - "Ұлт тағдыры" қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Сана Манатов - "Манат" шаруа қожалының жетекшісі

Асқар Мырзахметов - Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі

Мақсат Нұрыпбаев - құқыққорғаушы

Өмірзақ Озғанбаев - "Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесінің төрағасы

Нұрлан Оспанов - "Қазақстанның астық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті

Азат Перуашев - "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы

Артур Платонов - Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты

Александр Поляков - "Победа" ЖШС жетекшісі

Анатолий Рафальский - "Тайынша Астық" ЖШС жетекшісі

Оразалы Сәбден - ҚР Ғалымдар одағының президенті

Нұртай Сабильянов - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты

Кенжеғали Сағадиев - қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор

Алик Сағындықов - "Қазақстанның агроодағы" ауыл шаруашылығы кооперативтерінің республикалық ассоциациясы

Елеусін Сағындықов - ҚР Парламент Сенатының депутаты

Абай Сағитов - Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі

Нұрлан Сағналин - "АкТеп" компаниясының директоры

Айдос Сарым - саясаттанушы

Иван Сауэр - "Родина" агрофирмасының бас директоры, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум мүшесі

Даржок Сейбағытов - ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек ардагері

Бақытбек Смағұл - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты

Серік Сұлтанғали - "Бірлік" партиясының төрағасы

Сабыржан Сұлтанов - "Құрманғазы" өндірістік кооперативінің төрағасы

Мұхтар Тайжан - Болатхан Тайжан қорының президенті

Бекболат Тілеухан - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты

Абдолла Төребеков "Қазақстанның фермерлер одағы" қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының төрағасы

Мұхит Тұмабаев - "Приречное" ЖШС жетекшісі

Жармахан Тұяқтай - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы

Рахым Оразалиев - ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиігі

Олжас Құдайбергенов - "Макроэкономикалық зерттеулер орталығы" ЖШС директоры

Мұхтар Шаханов - "Жалын" журналының бас редакторы

Марат Шибұтов - саясаттанушы

Дереккөз: Government.kz

12 мамыр 2016, 20:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған