Коллаж WBCӘлемнің бұрынғы чемпионы Шейн Мозли қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің жекпе-жегі 17 қыркүйекте болады деп жар салды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Аңызға айналған боксшы бұл мәліметті қайдан алғанын нақтыламайды, бірақ оның шындық екеніне сенетінін айтады. "Канело" мен GGG - 17 қыркүйекте! Қыркүйекте олармен қарсыласатын басқа жекпе-жектер болмайды деп үміттенемін. Жыл жекпе-жегі осында. Керемет жұмыс, Golden Boy Promotions", - деп жазды Мозли твиттердегі парақшасында.
"Канело" мен GGG келісіп қойды, сіздер білмедіңіздер ме? Келіссөздер аяқталды. Сіздер бұл мәліметті бірінші болып осында біліп отырсыздар. Менің жекпе-жегім 28 мамырда. "Канело" мен GGG жекпе-жегі - 17 қыркүйекте", - деді Мозли.
Еске салайық, Сауль Альварес ұлыбританиялық Әмір Ханды нокаутқа түсіргенненкейін Головкинді шаршы алаңға шақырған болатын. Қазақстандық келісім беріп, жауап қатты. Кейін "Канело" салмаққа қарамастан, GGG-мен 160 фунтта жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.
Дереккөз: Тengrinews.kz