Қазақстандық боксшы Қанат Исламның проумоутері Нельсон Лопес өз клиентінің колумбиялық Хуан де Анхельмен айқасы алдында пікірін білдірді, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
- Қазақстанда барша жұрт тек Головкин жайлы айтады, бірақ Қанат оның ізін басып келеді. Оның есімін де көпшілік жақсы біледі, елде мыңдаған табынушылары бар. Бізге алға жылжу үшін серпінді қадам керек және бұл жексенбіде іске асады. Ол супер жұлдызға айналады - бұл тек уақыт еншісінде,-деп мәлім етті Лопес.
Дереккөз: Іnform.kz