Атырау, 29 қараша 07:40
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Таяу жылдары Қазақстан әскері қару-жарағының 70 пайызы жаңарады - Мемлекет басшысы

1 456 просмотра

Фото: info-tses.kzАлдағы жылдары Қазақстан әскері қару-жарағының 70 пайызы жаңарады. Бұл туралы Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында өтіп жатқан мерекелік концерттің алдында сөйлеген сөзінде мәлім етті,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Мемлекет елдің қорғаныс қабілеті жоғары деңгейде болуы үшін барлық қажетті шараларды атқаруда. Қиындықтар мен дағдарыс жағдайына қарамастан, қорғаныс шығыстары басымдықты тәртіпте қаржыландырылып жатыр. Жауынгерлік кезекшілікке қайта жарақтандырудың бағдарламасына толық сәйкестікпен жаңа әскери техникалардың түрлері қосылуда. Таяу жылдары қарудың, техниканың барлық түрлерінің кем дегенде 70 пайызы жаңарады, ал бөлек санаттар бойынша жаңару 100 пайызға дейін жетеді»,-деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент жыл сайын салада 100-ден астам жедел тексерістер, әскери оқу-жаттығулар өтетінін жеткізді.

Н. Назарбаевтың сөзіне қарағанда, әскери кешенді ұйымдастыру аясында ғылыми қамтымды өндірістерді дамыту бойынша бірқатар міндеттерді шешу қажет.

«Қазақстан шет елдермен әскери-техникалық ынтымақтастықты белсенді дамытуда. ҰҚШҰ, ШЫҰ аясындағы бірлескен оқу-жаттығуларда, НАТО елдерімен серіктестік бағдарламасы бойынша өзара іс-қимылда еліміздің Қарулы Күштерінің жауынгерлік шеберлігі шыңдалуда», - деді Елбасы.

Дереккөз: Іnform.kz

7 мамыр 2016, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.