Атырау, 29 қараша 07:32
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасының күші жойылды

2 989 просмотра

Сурет әлеуметтік желіден алындыБүгін, 2016 жылы 6 мамырда есірткі заттарын контрабандалау бойынша айыпталған Қазақстанның азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қылмыстық ic бойынша ҚХР Гуандун соты апелляциялық сотының жариялауы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот Ақжарқын Тұрлыбайға бұрын қойылған өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жою және істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберу туралы үкім шығарды. Гуандун сотының қаулысы шағымдануға және наразылық келтіруге жатпайды және дереу күшіне енеді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қазақстандық 20 жастағы студент Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында Қытай мен Малайзияның шекарасында ұсталды. Оның жүгінен 4,5 келі есірткі табылды. Қыз сөмкесінде есірткінің барын білмегенін айтты. Кейін Қытай соты оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Дереккөз: Тengrinews.kz

6 мамыр 2016, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.