Фото: stan.kzАуыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы министрліктің ақпараттық дереккөзі хабарлады.
Мамытбеков 2011 жылдан бері ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды. 2008-2011 жылдары "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінде болды. 2007-2008 жылдары Қазақстан премьер-министрінің канцеляриясы басшысының орынбасары болды. Сонымен қатар, ол Астана қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Асылжан Мамытбековке соңғы ескерту жасаған болатын. Ол Мамытбековтің қызметіне толықтай сәйкестігі толық деңгейде емес екенін айтты.
Дереккөз: Тengrinews.kz