Атырау, 29 қараша 07:46
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қазақстаннан жер аламын деп кезекте тұрған шетелдік жоқ - Г.Қарағұсова

1 585 просмотра

Фото: newspaper.kz

Қазақстаннан жер аламын деп кезекте тұрған шетелдік жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова мәлім етті,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Бұл мәселенің негізгі жауабын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы барысында Мемлекет басшысы нақты беріп, Қазақстанда шетелдіктерге жер сатылмайтындығын айтқан болатын. Бұған қоса, жер сатып алғысы келіп кезекте тұрған, өз технологиясын әкелуге ниетті шетелдіктер жайында естіп те, көріп те отырған жоқпыз», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, 2013 жылы Үкімет «Инвестициялар туралы» Заңға қол қойды. Соның нәтижесінде инвесторларға 10 жылға дейін барлық салықтардан босатылу сынды бірегей мүмкіншілік берілді.

"Өкінішке орай, инвесторлардан ешкім де келмеді. Енді міне шетелдіктерге жер берілетін болыпты деуде".

Г.Қарағұсова Қазақстанда шетелдіктерге жерді жалға беру тәжірибесі 2003 жылдан бері бар екендігін атап өтті. Дегенмен, ол уақытта жер жалға 10 жылға беріліп келген болатын. Алайда бұл мерзім шетелдік инвесторлардың жерге салған өз қаржысын қайтарып алуға және аздап болсын пайда табуына мүмкіндік бермейді.

«Сондықтан да халықаралық тәжірибеге сүйене отырып бұл мерзім ұзартылды. Шындығы осы, осылай дұрыстап түсіндіре алсақ, барлығы да түсінеді. Біздерге мемлекетте жүргізіліп жатқан кез келген мәселені түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет», - деп атап өтті ол.

Дереккөз: Іnform.kz

5 мамыр 2016, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.