Атырау, 29 қараша 07:37
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Алматы аумағында 150-ден астам жер телімдері шетелдіктерге тиесілі

1 301 просмотра

Алматы аумағында 153 жер телімі шетелдік азаматтарға тиесілі, деп хабарлады ҚазТАГ Алматы жер қатынастары жетекшісі м.а. Алтынбек Ахметовке сілтеме жасап.

«Жалпы ауданы 19 га болатын 153 жер телімі шетелдіктерге тиесілі. Мысалы, 64 учаскені РФ азаматтары иеленген, 17- Австралия, 5 – Оңтүстік Корея, 3 – ҚХР азаматтарына тиесілі», - деді ол бейсенбі күні Алматыда қоғамдық кеңес отрысында.

Бұл ретте ол осы учаскелердің 95%-ы жеке тұрғын үй құрылысы үшін алынғанын айтты.

«Ол жер телімдерін әкімшілік берген емес, олар екінші нарықтан сатып алынған, ал ол заңға қайшы емес», - деді А. Ахметов.

Оның айтуынша, осы учаскелерді иелену заңды және Жер кодексіне енгізілген, шетелдіктер ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді сатып алуына болмайды деген соңғы түзетулерге де қайшы келмейді.

«Ол учаскелердің ауыл шаруашылық жерлеріне еш қатысы жоқ», - деді А. Ахметов.

Бұл ретте ол қоғамдық кеңес мүшелерінің шет мемлекеттің азаматтарына сатуға болатын жер телімдерінің мөлшерлерін қарастырып және ақынтау керек деген ұсыныстарымен келісті

Алматыныңэжалпы ауданы – 68 мың га.

Дереккөз: ҚазТАГ

5 мамыр 2016, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.