Атырау, 29 қараша 07:56
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Курсант қыздар Отан қорғаушылар күніне орай флешмоб ұйымдастырды

Бейнежазба
4 218 просмотра


Отан қорғаушы күнін мерекелеу қарсаңында Астана қаласындағы жоғары оқу орындары әскери кафедраларының курсант қыздары ер-азаматтарды ерекше тәсілмен құттықтады,- деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА.

Жүзден аса студент шаффл дэнс стиліндегі Tez Сadey «Seve» әніне танымал биді орындады. Осындай заманауи әдіспен Қазақстанның Қарулы Күштерінде қызмет ететін барлық әскери қызметші қыз-келіншектердің атынан жоғары оқу орындардың әскери кафедраларында оқитын қыздар еліміздегі барлық ер-азаматтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Естеріңізге сала кетсек, «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері осы әуенге билеп, 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен барлық аналарды құттықтаған болатын. Жалынды құттықтау тек Қазақстанның интернет-пайдаланушыларының ғана үлкен қызығушылығын оятып қана қоймай, шетелдіктерді де тамсандырды. Қазақстан мен шетелдің барлық танымал желілерінен бұл құттықтауды көргендердің саны миллионнан асты. Сонымен қатар көргендердің қатары күннен-күнге артып келеді.

Бұл идеядан шабыттанған қыздар, осыған ұқсас биді жауап ретінде Отан қорғаушы күнін айғақтайтын 7 санының үлгісін келтіре отырып, атышулы флэш-мобты орындады.

Дереккөз: Newskaz.kz

5 мамыр 2016, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.