Атырау, 22 желтоқсан 16:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Заңсыз митинг ұйымдастырған тұрғын 15 тәулікке қамалды - Алматы

1 764 рет қаралды

Алматы тұрғыны санкцияланбаған митинг ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке қамалды,- деп хабарлады ҚазАқпарат қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы ауданаралық мамандандырылған сотында ҚР ӘқК 488-бабының 3-бөлімімен әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес 2016 жылдың 1 мамырында Пушкин мен Райымбек көшелерінің қиылысында кешкі 20:00 шамасында сотталушы Н.Кемелбаев 100 адамның басын қосып, санкцияланбаған митинг өткізген. Жиналғандар жер кодексіне енгізілген өзгерістерге қарсылығын білдірді.

Сот үкімімен Н.Кемелбаев ҚР ӘқК 488-бабының 3-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынды.

Дереккөз: Іnform.kz

4 мамыр 2016, 22:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.