Атырау, 22 желтоқсан 15:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ақтауда жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері әріптесін атып өлтірген

2 058 рет қаралды

Ақтауда жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері өз әріптесін атып өлтіріп, тағы біреуін ауыр жарақаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері төтенше жағдайдың 2 мамырда кезекшілік аяқталғанда қару-жарақты өткізу кезінде болғанын хабарлады.

"2 мамырда шамамен таңғы сағат 8.00-де жедел әрекет ету тобының ауысуынан кейін табель қаруын өткізу кезінде Маңғыстау облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы қару-жарақ өткізу бөлмесінде абайламаушылықтан оқ атып, салдарынан бұл бөлімшенің екі қызметкері медициналық мекемеге жарақатпен түсті, олардың бірі қаза болды", - делінген ведомство хабарласында.

Осы дерек бойынша қызметтік тексеріс басталды, материал сотқа дейінгі бірыңғай реестрде тіркелді, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазіргі уақытта тергеу мүддесіне байланысты ІІД өкілдері істің мән-жайын хабарламай отыр.

Дереккөз: Тengrinews.kz

4 мамыр 2016, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.