Әуезхан Даринов. Фото: 24.kzАстана. 29 сәуір. ҚазТАГ - «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ президенті Әуезхан Даринов Жер кодексіндегі өзгерістерді халықпен талқылау керек еді деп санайды, алайда ұлттық экономика министрлігінде (ҰЭМ) оған баса назар аударылмаған.
«Жер кодексіне өзгерістер енгізіп жатқанда Қазақстан фермерлер одағы Досаев (Ерболат Досаев, ҰЭМ басшысы – ҚазТАГ) мырзаға бұл ұсыныстардың барлығын халықпен талқылау қажеттігін айтқан болатын. Егер былтыр оны талқылғанда ешқандай мәселе туындамайтын еді. Мен мұны сізге беделімді салып тұрып айта аламын», - деді А. Даринов жұма күні «ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – заңнамалық реттеу және оны тәжірибелік тұрғыдан іске асыру» тақырыбындағы парламенттік тыңдалымында
«Жұмыс тобында мен өзім жеке - мұны, ең алдымен үкіметке жеткізейік дедім. Ұлттық экономика министрі «жоқ» деді, халықпен талқылайық дедім «Жоқ, Астанаға шақырайық, осында талқылаймыз», - деді ол.
Ә. Даринов жерді тиімді пайдалану мәселелерін тыңдауды ұсынды.
«Қазір мына митингтер (жер заңнамасындағы өзгерістерге қарсы халықтық митингілер – ҚазТАГ) үш есе көбейеді, мен тек сізге ескертіп отырмын. (…) Мен кеше келдім – алты облысты араладым. Қостанай облысындағы Артемниковты білесіз бе? Оған көңі азайып кеткені үшін 450 мың теңге айыппұл салған, яғни қате өзгерістер негізінде. Бүгін ұлттық экономика министрлігіне біз, фермерлер одағы, ҰКП жазып жатырмыз, айтып та жатырмыз – ешқандай алға жылжу жоқ. Ұсақ-түйек болып көрінгенімен, олар келе-келе үлкен проблемаға айналып кетеді», - деді ол.
Дереккөз: ҚазТАГ