Атырау, 29 қараша 06:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Халыққа ауыл шаруашылығы жерлерінің шетелдіктерге сатылмайтынын түсіндіріп қою жеткіліксіз - Қ. Тоқаев

1 684 просмотра

Фото: inform.kz"Халыққа ауыл шаруашылығы жерлерінің шетелдіктерге сатылмайтынын түсіндіріп қою жеткіліксіз". Бүгін Парламент Сенатында «ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру заңнамалық реттеу және іс жүзіне асыру» атты парламенттік тыңдау барысында Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті.- деп хабарлады ҚазАқпарат.

Сөз арасында Сенат Төрағасы Қазақстан ЕАЭО пен ДСҰ аясында лайықты бәсекелес болуы үшін ауыл шаруашылығындағы табиғи және географиялық басым әлеуеттерді пайдалану қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл ретте шет елдік нарықтың үдерісі есепке алынуы керек.

«Қазақстанда ауыл шаруашылығы қызметіне пайдалануға болатын айтарлықтай шаруашылық жерлері сақталып отыр. Өндірістік айналымға қосымша ондаған миллион гектар жерлерді қосуға болады. Осыған байланысты Үкімет мүшелері, заң шығарушылар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері үшін қоғамға Жер кодексіне енгізілген түзетулерді түсіндірудің ауқымды әрі маңызды жұмыстары күтіп тұр. Бұл ретте ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайтынын түсіндіріп қою жеткіліксіз. Біз әртүрлі айла-тәсілдер схемасын қолдана отырып, заңның осы талабын айналып өтуді болдырмайтын құқықтық және басқа да құралдар арқылы осынау маңызды ережені жүзеге асыруға тиіспіз. Ең бастысы Елбасының жерге қатысты ұлттық юрисдикциясына қатысты және жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру туралы тапсырған міндетін жүзеге асыруға тиіспіз», - деп атап өтті Сенат спикері.

Дереккөз: Іnform.kz

29 сәуір 2016, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.