Алматы. 28 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда 2016 жылғы 3 қазанда 2006 жылғы үлгідегі номиналдары Т2 мың., Т5 мың. және Т10 мың банкноттар айналымнан алынып тасталады, деп көрсетілген ҚР ұлттық банк хабарында.
Хабарда айтылғандай, айналыстағы ұлттық валюта теңге банкноттарын ауыстыру туралы ақпараттық хабар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 3 қазанда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттардың айналыста болуының аяқталуы туралы қосымша хабарлайды. Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады. Бұл банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады.
Одан кейін 12 ай ішінде – 2016 жылғы 4 қазан – 2017 жылғы 3 қазан аралығында қоса алғанда – көрсетілген купюралар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталуға тиіс. ҚР Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2020 жылғы 3 қазанға дейін, тегін, комиссия немесе айырбастау үшін ақы алмай қабылданады.
Дереккөз:ҚазТАГ