Фото: inform.kzҚР Ұлттық банкі зейнетақы активтерін инвестициялай бастады. Бұл жұмыс Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр,- деп хабарлады ҚазАқпарат.
Салымшылардың қаржысы 2016 жылдың соңына дейін инвестицияланатын болады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін нарықтық жағдайға қарай инвестициялау бағытында бірқатар іс-шаралар қабылдаған.
«Оның ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің есебінен сатылып алуға болатын қаржылық құралдар тізімі жасалды. Оны ҚР Ұлттық қорды басқару кеңесі мақұлдап, ҚР Үкіметі бекітті. Осыған орай БЖЗҚ инвестициялық декларациясы қабылданды. Сондай-ақ, Ұлттық банкінің директорлар кеңесі квазимемлекеттік сектор мен екінші деңгейлі банктердің қаржылық құралдарына сыйақы мөлшерлемесін бекітті», - делінген хабарламада.
Дереккөз: Іnform.kz