Атырау, 29 қараша 06:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жердің шетелдіктерге сатылатыны туралы қауесет таратқандарды жазалау керек - Назарбаев

2 478 просмотра

Фото: akorda.kzҚазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер Кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты дау туғызып жүргендерді жазалау керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұл норма ел азаматтарына биылғы 1 шілдеден бастап ауылшаруашылық жерлерін аукционда сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл түзетулер қоғамда пікірталастар туғызған еді, себебі наразылық білдірушілер жерді шетелдік азаматтар иемденіп алуы мүмкін деген ойда. Ал ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері жерді аукционнан тек Қазақстан азаматтарының сатып ала алатынын, ал шетелдіктердің 25 жылға жалға алуына болатынын түсіндірген еді.

"Шетелдіктерге жер сатылатыны туралы бұрыс ақпараттың тарауынан жер мәселесіне халықтың назары ауып жатыр. Бұған дейін бірнеше рет, тіпті менің өзім мұның жалған екенін айттым. Тағы бір рет ескерткім келеді, ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге сату туралы мәселе көтерілген емес, талқыланбайды да", - деді Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы барысында.

"Осы тақырып айналасындағы қауесеттің барлығы негізсіз. Осыған бастамалық еткендер әшкереленіп, елдің заңы бойынша жазалануы керек", - деді Президент.

Дереккөз: Тengrinews.kz

26 сәуір 2016, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.