"Самұрық-Қазына" қоры 2016-2018 жылдары мұнайдың бір баррелі 45 доллар деңгейінде болады болжап отыр, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА Қордың Стратегия және активтер қоржыны жөніндегі басқарушы директоры — Бас қарма мүшесі Балжит Грюалға сілтеме жасап.
"Егер де мұнай бағасына тоқталатын болсақ, 2017-2018 жылдарға бір барреліне орташа алғанда 45 долларды болжап отырмыз. Біздің ойымызша, бұл оңтайлы әрі қарапайым көрсеткіштер және оған біздің жоспар негізделіп отыр, егер де баға бұдан жоғары болса, бұл өз кезегінде Қор үшін қолайлы фактор болар еді", — деді Б. Грюал.
"Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 2016-2020 жылдары Қор сұраныстың азаюы, шикізатқа бағаның төмендеуі, қоржын деңгейіне қарыз салмағының артуы салдарынан ауыр экономикалық жағдайда жұмыс істейді.
Дереккөз: Newskaz.kz