Атырау, 29 қараша 05:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Назарбаев жерді сату мен жалға беру турасындағы дауға қатысты пікір білдірді

2 828 просмотра

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексіне енгізілген түзетулерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл норма ел азаматтарына биылғы 1 шілдеден бастап ауылшаруашылық жерлерін аукционда сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл түзетулер қоғамда пікірталастар туғызған еді, себебі наразылық білдірушілер жерді шетелдік азаматтар иемденіп алуы мүмкін деген ойда.

Қазақстан Президенті бұл ретте азаматтарға өз құқықтарын, сондай-ақ елде қабылданып жатқан заңдарды, соның ішінде Жер кодексін дұрыс түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.

"Кодексте жердің шетелдіктерге сатылатыны туралы ештеңе айтылмаған. Біздің міндет - жердің меншік иесі болып, оның дұрыс пайдаланылуы үшін Қазақстан азаматтарына жерді жекешелендіру мүмкіндігін беру. Жер қурай басып, иесіз жатпай, түсініксіз мақсатта пайдаланылмай, халықтың игілігіне айналуы керек. Бұл мәселе мемлекет қабылдап отырған заңдарды халыққа түсіндіруге міндетті Үкімет пен жергілікті атқарушы билікке, сондай-ақ құқық қорғау органдарына қатысты", - деді Қазақстан Президенті.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев жаңа норманы толық түсінбеу және бұрыс мазмұндау деректері бар екенін айтты.

Дереккөз: Тengrinews.kz

26 сәуір 2016, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.