Атырау, 22 желтоқсан 15:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

1 шілдеден бастап туризм жылы аясында Қытайдан Қазақстанға топтық сапарлар басталады

2 445 рет қаралды

Image 0Көрнекі сурет.Алматы. 25 сәуір. ҚазТАГ – 1 шілдеден бастап қытайлық туристер тобы «ҚР-дағы ҚХР туризмі жылы» аясында Қазақстанға келуді бастайды, деп хабарлады Қазақстанның инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Қытай тарапы 2016 жылдың 1 шілдесін Қазақстанда қытай туристік топтарының топтық саяхаттарын ұйымдастырудың ресми басталған күні деп белгілеуді ұсынды. Қазақстанға бірінші қытай туристік топтары Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі арқылы келуді жоспарлап отыр», - делінген дүйсенбідегі хабарда.

Бүгінгі таңда Қытай жағы Қазақстан Республикасына Қытай туристік топтарын жасақтайтын жауапты қытай туроператорларының тізімін жіберді.

Сондай-ақ, 2016 жылдың 20 мамырында Қазақстанның Қытайдағы елшілігі ҚР ИДМ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ және Қазақстан мен Қытайдың ірі туристік операторлары өкілдерінің қатысуымен роуд-шоу ұйымдастыруды жоспарлап отыр..

«Кездесудің тақырыбы - Қазақстанның туристік және инвестициялық тартымдылығы, меморандум аясында Қазақстанға қытай туристік топтарының саяхатын ұйымдастыру, қытай туристерінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы және «Қытайдың Қазақстандағы туризм жылын» өткізу», - делінген баспасөз парақшасында.

Дереккөз: ҚазТАГ

25 сәуір 2016, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.