Үштілділікке өткеннен кейін мұғалімдердің жалақысы өсе ме? Бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке осындай сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жаңа талаптарға байланысты мұғалімдердің жалақысын өсіру керек екенін жақсы түсінеміз. Дегенмен бізде қаржылық шектеулер бар. Сондықтан да қаржыландыру бойынша ішкі резервтер табуға тырысып жатырмыз. Сонымен қатар, қазіргі кездегі ең өзекті мәселелердің бірі - орта білім беруді қаржыландыруға жеке бизнестерді тарту. Оның ішінде мектеп пен балабақша құрылысы бар. Егер құрылыс саласында жеке кәсіпкерлер бізге қолдау көрсетсе, мектеп құрылысынан мемлекетке түсетін салмақ азаяды", - деді ол.
Дереккөз: Тengrinews.kz