Атырау, 3 мамыр 08:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Астана полициясы нәрестесін далада тастап кеткен көкек анаға іздеу жариялады

1 586 рет қаралды

Елордалық полиция қызметкерлері далада қалдырылған нәрестенің анасын анықтауға бағытталған жедел-іздеу шаралар кешенін жүргізуде,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

«22 сәуір күні сағат 22:00 шамасында Ақмешіт көшесіндегі жатақханалардың бірінің баспалдағының астында жаңа туылған нәресте табылды. Жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері оны балалар ауруханасына жеткізді. Жынысы ер бала көрпешеге оралған күйінде табылды», - деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Аталған факт сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 119-бабы бойынша («қауіпті жағдайда қалдыру») тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз:Іnform.kz

25 сәуір 2016, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.