Атырау, 14 қаңтар 01:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Қазақстанда суицид тәсілдерін жазғаны үшін «В контакте» әлеуметтік желісіндегі екі паблик бұғатталды

1 675 рет қаралды

Алматы. 22 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстанда суицид тәсілдерін жазғаны үшін «В контакте» әлеуметтік желісіндегі екі интернет- паблик бұғатталды, деп хабарлады Алматының Алатау аудандық сотының баспасөз қызметінен.

«Алматы қаласының Алатау аудандық сотында Алматы қаласының Алатау ауданы прокурорының интернет-ресурстардағы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған өнімді заңсыз деп тану және оның Қазақстан Республикасы аумағында таратуды тоқтату туралы шағымы бойынша азаматтық іс қаралды», - делінген жұмадағы хабарда.

Сот анықтағандай, «В контакте» әлеуметтік желісінде тіркелген екі интернет-пабликтегі ақпарлар суицид жасаудың әдіс-тәсілдерін, ұсынымдарын толық сипаттап берген.

Осылайша, сот шешімімен аталмыш пабликтер заңсыз деп танылды, себебі оларда Қазақстанның заңнамалық актілеріне қарама-қайшы келетін ақпар бар, және аталмыш өнімді республика аумағында таратуға сот тыйым салған.

Шешім заңды күшіне енді.

Дереккөз: ҚазТАГ

22 сәуір 2016, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.