Фото: intourist.kzҚазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Түркия туристерге "соншалықты қауіпті еместігін" айтты,- деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.
СІМ басшысы өзінің шетелге демалысқа шығуын жоспарлау кезінде климатты, тұрмыс жағдайын, бағаны, балаларға қолайлылығын ескеретінін айтты.
"Әлем үлкен, біздің туристер енді бүкіл әлемде саяхаттауда. Олар Латын Америкасы секілді алыс елдерге барады. Біз визасыз келісім жасасқан соңғы ел —бұл Куба. Кубада керемет шипажайлар бар…, визасыз, билеттер сатып алып, сонда барыңыздар, демаласыздар… Тайланд, басқа да жерлер… Түркия соншалықты қауіпті емес, Түркия қауіпті деп кім айтты? Мысыр ашылуда. Өздеріңіз зерделеп көріңіздер", —деді Ыдырысов журналистерге ХІІІ Еуразия медиа форумының сыртында.
Дереккөз: Newskaz.kz