Атырау, 22 желтоқсан 15:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Теңге жыл басынан бері рекордтық көрсеткішке дейін нығайды

2 538 рет қаралды

KASE таңғы сессиясында ұлттық валюта 5 теңгеге нығайып, 332,81 теңгені құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осылайша, теңге жыл басынан бері рекордтық көрсеткішке дейін нығайып отыр.

Сессия кезінде ең жоғарғы баға 355 теңге болса, төменгісі 332 теңгеге дейін жетті. Сауда көлемі - 91,1 миллион доллар.

Айта кетейік, Brent маркалы мұнайдың баррель құны 45,66 долларға бағаланып отыр. Экономист Арман Байғановтың айтуынша, мұнай бағасының өсуіне АҚШ-та шикізат қорының азаюы себеп болған.

Еске салайық, 20 сәуірдегі таңғы сессияда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 337-ге тең болған еді.

Дереккөз: Тengrinews.kz

21 сәуір 2016, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.