Атырау, 29 қараша 05:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Алматыда немересі ұрып өлтірген қарияның артынан әжей де жан тапсырды

1 456 просмотра

Алматыда немересінен соққы жеген әжей көз жұмды,- деп хабарлады ҚазАқпарат қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Медеу ауданында орын алды. 14 сәуірде таңғы 05:30-да қариялардың үйіне 26 жастағы немересі ақша сұрап келген.

«Баласының мұндай қылығынан шаршаған қарттар жігітке ұрсып, сұраған сомасын бермей қойған. Сол кезде ашу үстінде немересі қарт адамды басынан балғамен ұрған. 77 жастағы қарт сол жерде көз жұмған. Жанжалға киліккен әжесі де ауыр соққы алады. Көп ұзамай әжей де көз жұмды. Күдікті екінші бөлмеде жатқан інішегіне тиіспеген», - деді С.Әзірбек.

Одан соң немересі үйден 300 мың теңге, 6 алтын бұйымды алып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Айта кету керек, қаза болған қариялардың шағын дүкені болған.

Медеу аудандық ІІБ жедел іздестіру тобын құрып, қылмыстық іс қозғады.

Осы уақытқа дейін тергеу орындарынан жасырынып жүрген 26 жастағы азамат тонау мақсатымен шабуыл жасағаны үшін қазір уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

Дереккөз: Іnform.kz

20 сәуір 2016, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.