Атырау, 29 қараша 05:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Айзада Авлатарованы ұрлап әкеткен адамға жаза кесілді

1 613 просмотра

Фото: timeskz.kzАлматы облысы Жамбыл аудандық сотында Айзада Авлатарованы ұрлап кеткен ер адамға жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

46 жастағы Игорь Токарев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленді.

Еске сала кетейік, Айзада Авлатарова 3 желтоқсанда жоғалып кеткен болатын. Іле ауданы Жетіген ауылының тұрғыны көрші Өтеген батыр ауылындағы (қыздың үйінен 25 шақырымдағы) оқуына бару үшін таксиге отырған. Дегенмен ол тиісті жеріне жетпеді. 10 желтоқсанда қыз табылды. Бұл жөнінде еріктілер Facebook арқылы хабарлады. Ал Игорь Токарев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дереккөз: Тengrinews.kz



20 сәуір 2016, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.