Атырау, 29 қараша 04:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Тамара Калеева Қазақстан журналистер одағы төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды

3 540 просмотра

Тамара Қалиева. Фото: 365info.kzХалықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Қалеева Қазақстан журналистер одағы төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлады ҚазТАГ.

«Қазақстан Республикасы журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінің жарғысына және ҚР қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құрамында А.Ж.Қапбарова, К.Батыров, П.А.Долматов, В.И.Рыжков, Е.А.Тоқшылық, Н.П.Кубраков, Ю.Д.Поминов, Ж.А.Әділбаев, И.Ш.Жүсіпқалиев, М.Б.Жанаділов, С.В. Харченко, А.С.Оңғарбаев, К.Т.Байсадақов Е.С.Бапи бар басқарма мүшелері 18 сәуірдегі бейне конференцияда Т.М.Қалееваны Қазақстан журналистер одағы басқармасы төрағасының міндетін уақытша атқарушы етіп тағайындау туралы мәселені қарады», - делінген редакциядағы хаттам а мәтінінде.

Сонымен, бейне конференция барысында оның төрағасы болып Ермұрат Бапи, хатшысы болып Елена Малыгина тағайындалған.

Хабарда айтылғандай, Е.Бапи басқарма мүшелері мен өңірлік филиалдар басшыларына Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың Одақтың төрағасы міндетін уақытша атқарушы етіп Тамара Қалееваны тағайындау туралы ұсынысын оқып берді. Бейне конференция барысында Одақ басқармасы мүшелерінің барлығы ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Осылайша, «Қазақстан журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы міндетін уақытша атқарушы болып Тамара Қалеева тағайындалды.

Еске салсақ, 22 ақпанда ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев мемлекеттік қаражатты жымқырған және салық төлеуден жалтарған деген күдікпен ұсталған болатын. 24 ақпанда Алматы қаласының №2 Медеу аудандық соты оны үй қамауына алу туралы оқшаулау шарасын қабылдады. ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры, осы іс бойынша тергеуге тартылған Әсет Матаев жемқорлыққа қарсу күрес қызметі оның және әкесінің конституциялық құқығын бұзды деп мәлім етті. С. Матаев пен Ә. Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды теріске шығаруда. Ол әр шығын сомасы тиісті аудиторлық тексеріс жүргізілместен аталды деп отыр.

Дереккөз: ҚазТАГ

19 сәуір 2016, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.