Фото: Aravot.amАрменияның Ширак облысы Арич ауылында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына берілген орталық көшенің атауы өзгертілетін болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы novostink.ru сайтына сілтеме жасап.
Ауылдың ақсақалдар кеңесі 14 сәуір күні бірауыздан осындай шешім қабылдаған деп мәлімдеді ауылдық әкімшілік басшысы Роалнд Назаретян.
Ақасақалдар көшені «Арцах» деп атауды ұсынса, жергілікті шіркеудің діндарлары оған Григор Лусаворичтің есімін беруді қалайды.
«Алдағы ақсақалдар кеңесінің отырысында соңғы шешім шығарылып, көше атауы өзгертіледі», — дейді Назаретян.
Оның айтуынша, тұрғындар бір жыл бұрын Назарбаев Арменияның ЕАЭО қатарына қосылуын қолдамаған кезде көшенің атауын ауыстыруды ұйғарған. Алайда Назаретянға бұлай жасауға "жоғарыдағылар" кедергі келтірген-ді.
Ауыл тұрғындары сондай-ақ Қазақстан президентінің өтінішімен Ереванда ЕАЭО премьер-министрлерінің саммиті болмай қалғанына ренжулі. Назарбаевтың Түркия президенті Ердоғанды құшақтағанынан кейін тұрғындардың шыдамы тіптен таусылып, олар көшеден президенттің атауы ілінген тақтайды жұлуға кіріскен.
Көше 10 жылдан бері Назарбаевтың атымен аталып келеді. Оны Қазақстан президентінің құрметіне қою ұсынысын Ұлттық жиынның бұрынғы депутаты Мхитар Варакян жасаған. Айта кетерлігі, сол кезде Варакянның ағасы Назарбаевтың кеңесшісі болған.
Арич ауылының сол кездегі басшысы Роланд Назаретян бұл бастаманың себептері жан-жақты қаралғанын алға тартқан еді.
«Арич 1400-1947 жылдар аралығында Кпчак деп аталды. Ал Кпчак Қазақстанның көне тайпаларымен байланысты болғандықтан, Варакянның бастамасымен көшені Назарбаев деп атау шешімі қабылданды. Біз Қазақстанды досымыз деп білеміз, ол біздің республикамызбен Еуразиялық одақ аясында ынтамақтастық қарым-қатынаста. Бұл атауды осылай өзгертуге толық негіз береді», — деп түсіндірген еді Назаретян.
Аталмыш ауыл Назарбаевтың есімімен шектелмейді. Ауылдың кітапханасында Назарбаевтың үлкен портреті мен еліміздің әдеби кітаптары қойылған Қазақстан бұрышы бар. Бұл бұрышты 2011 жылы Қазақстан елшілігі қойған.
Елшілік кітапханаға жиһаз, үстел, кітаптар, картиналар және ұлттық киімдерді тарту еткен. Назарбаевқа көше атауы берілгенінен Қазақстан президенті қаншалықты хабардар екенін ауыл тұрғындары әлі күнге дейін білмейді.
Дереккөз: NUR.KZ