Атырау, 29 қараша 04:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

АҚШ конгресінде Матаевтың ісі және Қазақстандағы сөз бостандығы туралы тыңдалым өткізу жоспарлануда

2 320 просмотра

Фото: Ұлттық баспасөз клубыАҚШ конгресінде Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейтқазы Матаевтың ісі және Қазақстандағы сөз бостандығы туралы тыңдалым өткізу жоспарлануда, деп хабарлады ҚазТАГ «Дат» жобасының жетекшісі Ермұрат Бапиға сілтеме жасап.

«12 мамыр-15 мамыр аралығында біздің Матаевты қорғау комитетінің өкілдері АҚШ конгресмендерімен кездеседі және конгресс комитетінің АҚШ тарапынан Матаевтың ісі бойынша ғана емес, жалпы Қазақстандағы сөз бостандығының жағдайы туралы тыңдалым өткізуге қызығушылық танытып отыр. Тыңдалымның өту уақыты туралы мен нақты айта алмаймын», - деді Е.Бапи дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында.

Бұл ретте, ол Еуропаның парламенттік ассамблея кеңесінің (ЕПАК) С.Матаевтың ісі бойынша мәлімдеме жасауға дайын екенін атап өтті.

«ЕПАК тарапы біздің комитет өкілдерін тыңдауға қызығушылық танытып отыр. Мен Еуразиялық медиа-форумға барғалы отырған неміс журналистерімен кездестім. Олар Матаевтың ісі бойынша қызығушылық танытты, және осы аптада, маған Еуропадан хабарлағандай, ЕПАК Матаев бойынша өтінішті қабылдайды», - деп атап өтті Е.Бапи.

Оның айтуынша, С.Матаевтың ісі сотқа 20 мамырға қарай беріледі.

«Журналист ретінде айтарым, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро істі асықтырып отыр, және біздің инсайдерлік көздердің ақпарынша, ұлттық бюро төрағасының бірінші орынбасары Талғат Татубаев істі сотқа 20 мамырда береді. Мұны бізге жұма күні хабарлады. Өткен аптада оларда отырыс өтіп, Татубаев ашуланып, істі 20 мамырға дейін сотқа беруді тапсырды. Менің түсінуімше, алдымен 20 мамырға дейін істі прокуратураға беру керек», - деді Е.Бапи.

Еске салсақ, 22 ақпанда ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев мемлекеттік қаражатты жымқырған және салық төлеуден жалтарған деген күдікпен ұсталған болатын. 24 ақпанда Алматы қаласының №2 Медеу аудандық соты оны үй қамауына алу туралы оқшаулау шарасын қабылдады. ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры, осы іс бойынша тергеуге тартылған Әсет Матаев жемқорлыққа қарсу күрес қызметі оның және әкесінің конституциялық құқығын бұзды деп мәлім етті. С. Матаев пен Ә. Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды теріске шығаруда. Ол әр шығын сомасы тиісті аудиторлық тексеріс жүргізілместен аталды деп отыр.

Дереккөз:Kaztag.kz



18 сәуір 2016, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.