Фото: newskaz.kzРФ және Қазақстан вице-премьерлері жақындағы кездесу барысында транссібірлік маршруттар бойынша ұшырылымдар және Қазақстанға рейстерге РФ-дан екінші тасымалдаушыны тағайындау мәселесін талқылайды, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Басылымға ақпараттандырылған дереккөз хабарлағандай, қазақстандық тарап транссібірлік жолда ұшуларды төлеуге даяр емес және елде ресейліктермен салыстыратындай екінші бәсекеге қабілетті авиакомпания жоқ болғандықтан, екінші тасымалдаушыға келіспей отыр. Өз кезегінде Мәскеу екінші тасымалдаушыға жеті жиілікті беруді сұрауын жалғастыруда.
Бұдан бұрын РФ және Қазақстан авиабиліктерінің екіжақты әуе ұшырылымдары бойынша кеңестері барысында Мәскеу қазақстандық Air Astana-ны Монғолияға рейстерге транссібірлік бағытқа ақысыз жіберуге рұқсат бермеді. Ал қазақстандық тарап жауап ретінде "Аэрофлоттың" елімізге рейстерін тоқтататынын ескертті. Бұдан басқа, Мәскеу елдер арасында екінші тасымалдауышыны белгілеуді талап етті, алайда Астана келіспеді.
Алайда келіссөздер барысында жекелеген бағыттар бойынша тараптардың ұшырылым жиіліктерін арттыру мәселесі шешілді, соның ішінде Қарағандыға аптасына төрттен онға дейін рейс жасау бекітілді. Мәскеу әзірге Ресей қалаларынан Байқоңырға тұрақты азаматтық рейстерді Қазақстанмен келіскен жоқ деп хабарлады басылымға хабарлаушы. Қазір РФ Қазақстаннан жалдап отырған Байқоңырға АЛРОСА, "Руслайн" және "Орал әуе желілері" ұшады, алайды бір реттік рұқсатпен ұшады.
Дереккөз: Newskaz.kz