Атырау, 26 қыркүйек 12:29
 дождьВ Атырау +19.2
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президентi Режеп Тайип Ердоған ислам әлеміндегі татуласу жөніндегі бірлескен декларациясын қабылдады

2 107 рет қаралды

Фото: ReutersБұл Декларация екі ел көшбасшылары келіссөздерінің қорытындысы бойынша қабылданды,- деп Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары құжатта халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға және мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған қағидаттарды берік ұстанатынын растады.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Р.Ердоған Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді мемлекетаралық қатынастарда және қақтығыстар мен дауларды реттеу мәселелерінде ізгі ниет пен ерік-жігер таныту және сындарлы қадам жасау арқылы ислам әлеміндегі қарым-қатынастың жаңа парадигмасын қалыптастыруға шақырды.

Дереккөз: Akorda.kz

14 сәуір 2016, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.