Фото: Forbes.kzВладимир Школьник Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Астанада Энергетика министрлігінде энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен мұнайгаз компанияларының өкілдерінің қатысуымен "Еуразия" халықаралық жобасы бойынша дөңгелік үстел өтіп жатыр (Total S.A., CNPC, Шеврон). Таратылған баспасөз қағаздарында іс-шараның бағдарламасы мен қатысушылардың тізімі көрсетілген. Сонда Владимир Школьник Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі ретінде көрсетіліпті.
Айта кетейік, биыл 25 наурызда Мемлекет Басшысының өкімімен Владимир Школьник Қазақстанның Энергетика министрі қызметінен босаған еді.
Дереккөз: Тengrinews.kz