Атырау, 2 мамыр 04:19
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына барады

2 158 просмотра

Фото: Мәдениет және спорт министрлігі Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Колумбияда өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды. Отандастарымыз қарымта ойында Польша құрамасын 7:0 есебімен ойсырата жеңді,- деп хабарлады Мassaget.kz

Қазақстан құрамасы ойынды аса ширақ бастады. Қарсыластарына барынша қысым жасай білген отандастарымыз нәтижені көп күттірмеді. Қақпашы Игитаның шапшаң қимылы поляк ойыншыларын сан соқтырды. Шабуылын үдеткен Какау шәкірттері мұнымен тоқтап қалған жоқ. 5 минутта Қазақстан құрамасы кезекті жүйелі шабуылының нәтижесінде. Серік Жаманқұлов есепті 2:0-ге жеткізді. Ойын жүйесін өзгертпек болған поляктар қазақстандық ойыншылардың жылдам шабуылдарына ілесе алмады. Бірінші тайм аяқталғанша Дуглас пен Жаманқұлов дубль авторы атанды.

Екінші таймда Польша құрамасының ойыншылары қорғанысқа баса назар аудара бастады. Ойын біршама бәсеңсіп, қос құрама қорғаныста сауатты ойнай бастады. Десе де Қазақстан құрамасының ойыншылары шабуылда қауқарлы екенін байқата білді. 26 минутта Лео есепті 6:0-ге жеткізсе, араға 4 минут сала Арнольд Кнауб поляктар қақпасына 7-голды соқты. Нәтижесінде қос ойын қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы поляктарды 8:1 есебімен жеңіп, Колумбияда өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.

Дереккөз: massaget.kz

13 сәуір 2016, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.