Атырау, 2 мамыр 14:58
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қарағандылық оқушы қыз Билл Гейтстің грантын жеңіп алды

2 081 просмотра

Дарья Андрейченко Фото: Facebook.comҚарағандыдағы № 38 мектептің оқушысы Дарья Андрейченко Билл Гейтс атындағы стипендияны ұтып алды. Әзірге ол – мұндай мәртебеге ие болған Қазақстандағы алғашқы адам. Енді алғыр қыз әлемдегі ең үздік оқу ордаларының бірі Дьюк университетінде білімін шыңдайды, - деп хабарлады Хабар агенттігі.

Бірер айдан соң мектеп қабырғасын тәмамдайтын Дарья Андрейченко әрі қарай білімін қайда шыңдайтынын алдын ала шешіп қойған. Ағылшын тілін жетік меңгерген алғыр қыз Билл Гейтс атындағы стипендияны ұтып алып, әлемдегі ең үздік университеттердің бірінде оқуын жалғастыратын болды.

Дарья Андрейченко, № 38 гимназияның оқушысы:

-Бұл университетте талап өте жоғары. 32 мың адамның арасынан іріктеп, тек 1700 адамды ғана оқуға қабылдайды. Соның бірі болғанымды мақтан тұтамын. Оның үстіне грант ұтып алдым. Бұл әлем бойынша тек 8 адамға ғана беріледі. Маған бұл жаңалықты айтып хабарласқанда, әуелі сенбедім. Біреулер қалжыңдап тұрған шығар деп те ойладым. Бірақ жеңісім шын болып шықты.

Дарья ел қатарлы ұлттық бірыңғай тест тапсырмайтын болды. Оның орнына ол америкалық САТ емтиханын тапсырып, сыннан сүрінбей өтті. Нәтижесінде бес бірдей университеттен шақырту келген.

Дереккөз: Khabar.kz


13 сәуір 2016, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.