Атырау, 29 қараша 04:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналасу мақсатымен баратындарға визасыз режим жүрмейді – ҚР СІМ

6 059 просмотра

Астана. 12 сәуір. ҚазТАГ – Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналасу мақсатымен баратындарға визасыз режим жүрмейді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптарды өзара жою туралы Келісімге сәйкес, 2014 жылдың қараша айынан бастап жарамды жол жүру құжаттары (шетел паспорты) бар ҚР азаматтары Корея Республикасына келу үшін алдын ала виза алудан босатылып, онда 30 тәулікке дейінгі мерзімде бола алады», -делінген сейсенбі күні таратылған СІМ хабарында.

Осылайша, Оңтүстік Кореяға бағыт алған ҚР-ның азаматтары оңтүстік кореялық визасыз 30 күнге дейін: - туристтік мақсатпен; - жұмыс мақсатымен; - сауығу және емделу мақсатымен; - мәдени-ағартушылық мақсатымен; - жеке ісімен (туысқандарына, достарына және таныстарына бару) шыға алады; Сонымен бірге осы Келісімнің ережелері Корея Республикасына келесі мақсаттармен бағыт алған тұлғаларға тиесілі емес: - жұмысқа тұру; - оқуға бару; - тұрақты мекендеу; - миссионерлік мақсатпен бола алады.

ҚР СІМ таратқан хабарда айтылғандай, бұл жағдайда Қазақстаннан Корея Республикасына шығу алдында алдын ала Астанадағы Корея Республикасының Елшілігінде немесе Алматыдағы Бас консулдығында оңтүстіккореялық тиісті категориясы бар визаны жасауы қажет. Кері жағдайда, Корея Республикасының көші-қон өкіметі сізге кіруге рұқсат бермей, оңтүстіккореялық заңнамаға сәйкес депортация режимін қолдана алады.

Оңтүстіккореялық көші-қон қызметінің қызметкерлері өз елінің заңнамасына сәйкес кіру кезінде әрбір шетел азаматты сапар мақсатының нақты ниетімен сәйкестігін тексеру үшін сауалнама жүргізуге және жауап беру кезінде сәйкессіздіктер байқалған жағдайда, жоғарыда айтылған Келісімнің 7-бабына сәйкес кіруге рұқсат бермеуге құқылы.

Осыған байланысты, Оңтүстік Кореяға шығатын ҚР азаматтарына сапар мақсаттарына қарамастан қайту билеттің болуын, Оңтүстік Кореядағы тиісті тұлғаның немесе ұйымның (серіктес компания, турагенттігі, медициналық мекеме және т.б.) шақыру көшірмесінің болуын, көші-қон картасында (халықаралық аэроопортта келген кезінде толтырылады) сапар мақсатын, Корея Республикасында тұратын уақытша мекенжайды және сіз бара жатқан тұлғаның/ұйымының аты-жөнін, атауын және байланыс ақпаратын анық көрсетуді қадала сұраймыз.

Сонымен қатар, шығатындардың барлығына медициналық сақтандыруды Корея Республикасына аттанар алдында жасауға кеңес береміз, тегін медициналық көмек қызметі бұл елде қарастырылмаған.

Дереккөз: ҚазТАГ

12 сәуір 2016, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.