Атырау, 14 қаңтар 03:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Жамбыл облысында сәбиін әжетханаға тастаған келіншек сотталды

1 775 рет қаралды

Жамбыл облысында өзінің сәбиін әжетханаға тастаған 21 жастағы келіншек бір жарым жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тұрар Рысқұлов атындағы аудандық сотқа сілтеме жасап.

"Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы бойынша ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") айыпты деп танылды. Сот оны 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырады, ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді", - деп оқыды үкімді судья Ғазиз Аманбаев. Айта кетейік, қыз сот залында қамауға алынды. Оны ата-ана құқығынан айыру басқа сот өндірісінде шешіледі.

Еске салайық, оқиға 2016 жылдың 3 қаңтарында болған еді. Абай ауылының маңындағы жолдың жиегіндегі қоғамдық әжетханадан тірі сәби табылған. Сәби онда бір сағат бойы жатып қалған, оны жүргізушілер тауып алған.

Дереккөз: Тengrinews.kz

11 сәуір 2016, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.