Атырау, 29 қараша 05:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қазақстанда әр үйдің өз сайты пайда болады

2 302 просмотра

Пошта индекстерін енгізу аясында «Қазпошта» АҚ BI Group компаниясымен бірлесіп әр ғимаратқа жеке сайт ашу бойынша ілкі жобаны іске қосты, деп хабарлайды BNews.kz.

Тұрғын үйлер, құрылыстар мен ғимараттардың сайттары жаңа пошта индекстері негізінде құрылады: https://ғимараттың жаңа индексі.post.kz (мысалы – https://z05k6x7.post.kz).

Бұл сайттан үй тұрғындары қызмет көрсететін ұйымдардың байланыс телефондарын біліп, көршілермен байланысқа шыға алады, сонымен қатар коммуналдық қызметтерді төлеп, хабарландыру орналастыруға да мүмкіндік бар. Сондай-ақ әкімдік пен ПИК-ке (КСК) электронды өтініш жолдай алады, делінген «Қазпошта» АҚ-ның Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Сайттың қызметін пайдалану үшін тұрғын www.post.kz">www.post.kz сайтына кіріп, «Жаңа пошта индекстері» сілтемесін басуы шарт. Іздеу жолына тұрғын үйдің мекенжайын, мәселен «Астана Сығанақ 10» деп енгізуі керек. Нәтижесінде, картада «Құрылыс сайтын ашу» сілтемесімен терезе пайда болады. Көрсетілген сілтемеге өту арқылы азамат өз үйінің сайтына кіреді. Осыдан кейін ғимарат сайтында тегін тіркеуден өту қажет. Егер тұрғын www.post.kz сайтында тіркелген болса, онда «Пайдаланушы» блогында логин мен паролды енгізсе жеткілікті. Тіркелгеннен кейін «Тұрғын рөлін алу»батырмасына басып, осы үйде тұратыныңды растау қажет.

Айта кетсек, барлық қажетті ақпаратты (қызмет көрсететін ұйымдардың байланыс мәліметтері) сайтқа ПИК әкімшілігі немесе әкімдік жариялайды.

Дереккөз: bnews.kz



11 сәуір 2016, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.