Атырау, 29 қараша 04:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар - 337,17 теңге

2 308 просмотра

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биржаның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 24 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 337,17 теңгені (-3,14 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 87 150 мың АҚШ долларын (+64 650 мың USD) құрады.

Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша орташа сараланған бағамы бір еуроға 385,35 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 100 мың еуроны құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 52,0550 теңгені (-0,4650 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі - 200 мың юаньді құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Дереккөз: inform.kz

11 сәуір 2016, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.