Атырау, 29 қараша 04:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

СҚО: тасқыннан зардап шеккендер өтемақы алады

1 903 просмотра

Фото: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметіСолтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Донецкое ауылында тасқын салдарынан малынан айырылған тұрғындарға облыстық бюджеттен өтемақы төлене бастады деп хабарлайды Азаттықоблыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Келген шығынды өтеу үшін облыс әкімдігі резервінен 1 миллион 94 мың теңге бөлінді. Мал иелеріне ақшалай төлем беріліп, малды нарықтағы құнына сай тәуелсіз бағалау жүргізілді» деген облыстық ветеринарлық басқарма жетекшісінің міндетін атқарушы Берік Әлжанов.

Билік орындары жақын уақытта Донецкое ауылы тұрғындарына тасқын судан зақым келген үйлерін жөндеу үшін де өтемақы төлеуге уәде беріп отыр. Осы ауылдың тасқыннан зардап шеккен тұрғындарына жергілікті «Әліби» компаниясы да екі миллион теңге мөлшерінде материалдық көмек берген деп хабарланды. Ол ақпаратта Донецкое ауылына «Қазақстан Қызыл жарты ай» қоғамының Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалы гуманитарлық жүк жеткізгені айтылған.

Дереккөз: azattyq.org

11 сәуір 2016, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.