Атырау, 29 қараша 04:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Шенеуніктердің енді интернетке кіруі шектелді

1 505 просмотра

Мемлекеттік қызметкерлер енді интернеттен де қағылады. Бұдан былай шенеуніктер күні бойы отыратын сайттар тегіс бұғауланбақ. Тыйымнан соң атқамінерлер уақытын бос өткізбей, негізгі жұмысымен айналысады деген сенім бар,- деп хабарлайды КТК.

Бұған дейін оларға жұмыс орнына смартфон ұстап келуге тыйым салынған болатын. Тек талапты орындап жатқандар аз сыңайлы. Десе де, әр мемлекеттік органның кіре берісіне қымбат телефондар қалдыратын жәшіктер орнатылыпты. Мемлекеттік қызметті жетілдіруге арналған реформа президенттің «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Соған сай атқамінерлер қызметте адал жолмен көтеріліп, этиканы сақтап, бюджет ақшасын шашпай-төкпей жұмсауы тиіс. Айта кетсек, Үкімет, министрліктер, Парламент пен әкімдіктерге смартфонмен кіруге тыйым салу интернетте құпия құжаттардың жарияланып кетуінен кейін қолға алып отыр.

Әли Көмекбаев, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрліктің департамент директоры:

-Бұл мемлекеттік мекемелерде интернет жоқ деген сөз емес. Коюмьютерлер ғаламторға қосылған әрине. Тек әлеуметтік желілер мен қызметке қатысы жоқ сайттар жабылады

Дереккөз: КТК

8 сәуір 2016, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.