Фото: liveinternet.ruҚазақстанда заң жобаларын ашық талқылау үшін арналған портал жұмысын бастады,- деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, қазіргі таңда азаматтар «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Стандарттау туралы» заң жобалары бойынша өз ой-пікірлерін білдіре алады.
Бұған қоса, 10 сәуірге дейін порталда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөнінде, сондай-ақ кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жоба тұжырымдамасының қоғамдық талқылауы өткізіледі.
Бұған дейін, мемлекеттік қызметтер талқылауы электрондық үкімет аясында eGov порталында өткен болса, қазіргі таңда, «Ақпаратқа қолжетімділік» Заңының қабылдануы арқасында барлық заң жобаларының тұжырымдамалары, НҚА жобалары мен мемлекеттік қызметтің стандарттары міндетті түрде "Ашық НҚА" интернет-порталында қоғамдық талқылаудан өтеді.
Дереккөз: newskaz.kz