Фото: azattyq.orgҚазақстан Ұлттық банкінің наурыз айында валюта нарығында 1 миллиард 236 миллион доллар сатып алды деп хабарлады Азаттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2016 жылы 1 сәуірден бастап Ұлттық банк валюта нарығындағы операциялары туралы мәліметтерін жариялайтын болған. Банк мәліметтерді жариялауды "ақпараттың ашықтығы мен шынайылығын арттыру" үшін жасалған қадам дейді. Ақпанда Ұлттық банктің валюта сатып алу түрінде жасаған интервенция көлемі 474 миллион 4 мың долларды құраған.
Ресми мәлімет бойынша, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры наурызда 28,5 миллиард долларға дейін ұлғайған. Ұлттық қор активтері наурызда 64,3 миллиард долларға артып, 1,2 пайызға өскен.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев банк теңгенің долларға шаққандағы бағамына болжам жасамайтынын айтқан.
Дереккөз: azattyq.org