Атырау, 29 қараша 05:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қазақстан БҰҰ Ядролық қарусыздандыру комиссиясына төрағалық етеді

2 430 просмотра

Фото: 24.kzҚазақстан БҰҰ-ның Ядролық қарусыздандыру комиссиясының арнайы жұмыс тобына төрағалық ететін болды, - деп хабарлайды 24.kz

Дүниежүзілік ұйымның өкілдері Қазақстан Президентінің Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік саммитіндегі баяндамасымен толық танысқан. Елбасының «XXI ғасыр – бейбітшілік» атты жаңа құжаты әлемдік деңгейде қолдау тапты. Онда көрініс тапқан басты талаптар – жарқын болашақ пен бейбіт өмір үшін жаппай қырып жою қаруларынан ерікті түрде бас тарту. Сондай-ақ Қазақстан Президенті БҰҰ-ның шеңберінде халықаралық конференция ұйымдастырып, әлемдегі соғыс пен қақтығыстарға тосқауыл қоюды ұсынып отыр.

Гьян Ачария, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары:

- Бұл – өте маңызды бастама. Азия мен Еуропаға көпір болып отырған Қазақстан ядролық бағытта тәжірибесі мол. Қазақстан Президентінің әлемдік бейбітшілікке қосып жатқан зор үлесін айта кеткен жөн. Сіздердің елдеріңіз ядролық қарусыздандыру бағытында халықаралық деңгейде белсенді атсалысуда.

Дереккөз: 24.kz


7 сәуір 2016, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.