Атырау, 29 қараша 04:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

KAZENERGY мұнай бағасы 2016 жылы барреліне $63 дейін өседі деп болжауда

2 455 просмотра

Фото: ru.123rf.comЭнергетикалық қауымдастық орташа алғанда, 2016 жылы шамамен мұнай бағасы бір барреліне 63 долларға дейін өседі және 2020 жылға қарай шамамен 80 долларға дейін өседі деп болжауда.

KAZENERGY қауымдастығы 2016 жылы мұнай бағасы бір барреліне 63 долларға дейін өседі деп болжауда,делінген сейсенбіде журналистерге таныстырылған 2015 жылға арналған ұлттық энергетикалық баяндамада,- деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

"Нарықтық тепе-теңдіктің қалпына келуі есебінен мұнай бағасы біртіндеп өседі деп күтілуде.Орташа алғанда, 2016 жылы шамамен мұнай бағасы бір барреліне 63 долларға дейін өседі және 2020 жылға қарай шамамен 80 долларға дейін өседі", — делінген баяндамаға арналған баспасөз конферциясында таратылған материалдарда.

Бұл ретте ұзақмерзімді болашақта сарапшылар мұнай бағасы ең жоғары деңгейге бір баррелге 100-105 долларға дейін көтеріледі деп болжауда.

Дереккөз: newskaz.kz

6 сәуір 2016, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.