Атырау, 29 қараша 04:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Мәсімов Ереванға ЕАЭО елдері премьерлері жиынына бармайды

1 397 просмотра

Фото: tengrinews.kzҚазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов 8 сәуірде Ереванда жоспарланған Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдері үкімет басшыларының кездесуіне бармайды деп хабарлады Азаттыққа премьер-министр кеңсесінің баспасөз қызметінен. Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары Думан Хамит әзірге сапардан бас тартудың себебін айта алмайтынын білдірді.

5 сәуірде ресейлік ақпарат құралдары ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің саммиті кейінге қалдырылуы мүмкін екенін хабарлаған.

Ресей үкіметі ресми сайтының 5 сәуірде хабарлауынша, Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Армения премьер-министрі Овик Абраамянмен сөйлесіп, жоспар бойынша 7-8 сәуірде Арменияға баратынын нақтылаған. Бұған қоса Медведевтің 8 сәуір күні Армениядан соң Әзербайжанға баратыны айтылған.

Медведев сонымен қатар Абраамянмен Қазақстанның Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысын келесі аптада Мәскеуде өткізу ұсынысын талқылаған.

ЕАЭО-ға Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Армения мүше.

Дереккөз: azattyq.org

6 сәуір 2016, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.